Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдан бастапқы 30%-тік жарнамен қалай баспаналы болуға болады?
Баспанаға бағыт

Алматыдан бастапқы 30%-тік жарнамен қалай баспаналы болуға болады?

27.03.2023
1 мин
1
2908

Қазақстандықтар Алматы қаласынан жылдық 7% мөлшерлемемен 25 жылға дейінгі несиемен баспаналы бола алады. Бүгінде оның ең жоғарғы сомасы 100 млн теңгені құрайды.

Әдетте, коммерциялық нарықтан үй сатып алғанда Отбасы банк 50% бастапқы жарнамен несие береді. Құрылыс салушылармен жасалған келісімдердің арқасында бастапқы жарна сомасын 30 пайызға дейін төмендетуге болады.

Алматыда осы әдіс бойынша Отбасы банк клиенттеріне қаланың 10 тұрғын үй кешеніндегі 850 пәтер ұсынады. Тұрғындар өздеріне ұнайтын нысанды таңдап, «Баспана Маркет» порталында немесе банк бөлімшесінде пәтер брондатып, несиеге өтініш бере алады.

– Жыл басынан бері Отбасы банк қызметкерлері 8400 заем берді. Демек, күніне 150-160 адам қолжетімді несиеге өтініш беріп, қоныс тойын тойлайды. Берілген несиенің төрттен бірі Алматының үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, қала тұрғындары жинақтау және одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін күн сайын 100-ден астам жаңа депозит ашады. Олардың барлығы мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сәйкес келмейді. Біздің инвесторларымыздың көпшілігі тұрғын үйді коммерциялық нарықтан сатып алады. Әсіресе олар үшін біз әзірлеушілермен бірге жаңа өнімдерді әзірлеудеміз, оның басты құндылығы бастапқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендету болып табылады. Құрылыс компанияларынан бөлінген субсидиялар оны азайтуға мүмкіндік беріп отыр, – дейді «Отбасы банк» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

Одан бөлек, осы жылы «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыда 905 пәтер сатылады. Қатысушылар тізімі otbasybank.kz платформасында 2022 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өткізілген конкурс нәтижелері бойынша анықталған. Оған көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар кіреді. Оларға арналған баспананы қалалық әкімдік «Жас қанат» шағын ауданынан салған. Қазір жылына 2% мөлшерлемемен (ЖТСМ 2,1%-дан бастап) берілетін несие алу процесі жүруде. Мемлекеттік бағдарламаның шарттарына сәйкес бастапқы төлем несие сомасының кемінде 10 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, биыл Алматыда 1100-ге жуық жас азаматты қамтитын «Алматы жастары» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Қала әкімдігі мен Отбасы банк өтінімдерді қабылдау басталғаны жайлы ақпаратты қосымша хабарлайтын болады.

 

Фото: ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанерке 27.03.2023
Баспанаға қалай өтінім бере аламыз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл