450.69
505.04
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматылықтар 5%-дық ипотекаға өтінім бере алады
Жаңалықтар

Алматылықтар 5%-дық ипотекаға өтінім бере алады

20.10.2026
мин
0
167
Сурет: gov.kz

Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен баспана алу мүмкіндігіне ие болады. «Қалқаман-2» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге өтінім қабылдау 22 қазанда басталады. Бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болуы керек, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама аясында 600-ге жуық пәтер беріледі. Баспана Наурызбай ауданындағы Достық шағын ауданында орналасқан «Қалқаман-2» тұрғын үй кешенінен ұсынылады.

Пәтер алуға өтінімдер 22 қазаннан бастап қабылданады. Бір шаршы метрдің бағасы – 359 мың теңге. Тұрғын үйлердің ауданы 35 пен 79 шаршы метр аралығында болады.

Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұруы қажет. Сонымен қатар «Отбасы банкте» жинақ шоты болуы және несие сомасының кемінде 10 пайызы көлемінде бастапқы жарна жинауы міндетті.

Ипотеканың негізгі шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 5%;

Бастапқы жарна: кемінде 10%;

Несие мерзімі: 20 жылға дейін;

Пәтер ауданы: 35–79 шаршы метр;

Бір шаршы метрдің бағасы: 359 мың теңге.

Пәтерлердің 70 пайызы басым санаттағы азаматтарға, ал 20 пайызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.

Қатысушыларды іріктеу 3 қарашада аяқталады. Сондықтан бағдарламаға қатысуды жоспарлаған азаматтар өтінім беру мерзімін ескергені жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл