454.14
509.23
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы мен жәрдемақыны рәсімдеу жеңілдеді: азаматтар нені білуі керек?
Жаңалықтар

Зейнетақы мен жәрдемақыны рәсімдеу жеңілдеді: азаматтар нені білуі керек?

15.10.2026
мин
0
282
Сурет: BAQ.kz

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау және жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны рәсімдеу тәртібіне елеулі өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев қол қойған жаңа бұйрыққа сәйкес, бұдан бұлай құжаттарда қате кетсе, бірден бас тартылмайды азаматтарға оны түзетуге арнайы уақыт беріледі. Бұдан бөлек, бюрократияны азайтатын бірқатар жаңа ереже қарастырылған.

Жаңа қағидалардың басты жеңілдігі — композиттік қызмет форматы. Енді зейнет жасына жеткен азаматтар әртүрлі инстанцияға жүгіріп жүрмейді.

Бұдан бұлай бір ғана өтініш арқылы мына үш төлемді қатар рәсімдеуге мүмкіндік.

- БЖЗҚ-дағы жинақталған қаражат;  

- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;  

- Жасына байланысты зейнетақы.  

Құжаттан қате кетсе, не болады? (Цифрлық күту парағы)

Бұған дейін құжатта кішкене сәйкессіздік немесе қате табылса, өтініш бірден кері қайтарылатын. Ал жаңа жүйе бойынша, мұндай жағдайда құжат «цифрлық күту парағына» түседі де, өтініш иесіне уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.  

Қателерді түзету үшін мынадай мерзімдер беріледі:  

Зейнетақы тағайындау үшін: 10 жұмыс күніне дейін;  

Базалық зейнетақы үшін: 8 жұмыс күніне дейін.

Егер белгіленген уақыт ішінде кемшіліктер жойылса, құжаттар қайтадан емес, дәл бастапқы тапсырылған күні қабылданды деп есептеледі. Мерзім сақталмаса, қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

Жерлеуге берілетін жәрдемақы қалай тағайындалады?

Республикалық бюджеттен төленетін біржолғы жерлеу жәрдемақысын рәсімдеу процесі де жаңартылды. Бұл қызметті Мемлекеттік корпорация («ХҚКО»), eGov порталы немесе телефон арқылы проактивті түрде алуға болады.  

Бұл жерде де қате түзетуге мүмкіндік берілген:

Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берсеңіз — 3 жұмыс күні;  

 eGov порталы арқылы тапсырсаңыз — 1 жұмыс күні.  

Сондай-ақ, жәрдемақы тағайындау кезінде отбасының цифрлық картасындағы деректер негізінде азаматтардың мұқтаждық деңгейі де ескерілетін болады.  

Қандай жағдайда өтініш қабылданбайды?

Ережеде өтінішті қабылдаудан бас тартудың да нақты негіздері көрсетілген:  

- Құжаттар пакеті толық болмаса;  

- Тапсырылған құжаттардың мерзімі өтіп кетсе;  

- Жеке деректерде сәйкессіздік болса;  

- Зейнетақы алуға заңды құқығы болмаса;  

- Дербес деректерді өңдеуге келісім берілмесе.  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі өзгерген жоқ. Жасына байланысты зейнетақы — 10 жұмыс күні, ал базалық зейнетақы — 8 жұмыс күні ішінде қаралады.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл