Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі өршіген кезеңде алтынның нарықтық бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Бір унциясының құны 3 200 долларға (1 654 080 теңге) жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Апта ішінде спот нарығында алтын бағасы 2 978,19 доллардан (4 сәуір) 3 220 долларға дейін өсіп, жалпы 8 пайыздан астам қымбаттады. Соңғы бір тәулікте алтын шамамен 3,5 пайызға өсті. 2025 жылдың маусымында жеткізілетін АҚШ алтын фьючерстері 7,8 пайызға көтеріліп, 2 984,56 доллардан 3 217,74 долларға дейін жетті. Тәулік ішінде баға шамамен 3 пайызға өзгерді. Нью-Йорктегі Comex биржасында алтын фьючерстерінің құны бір унция үшін 3 240 доллардан (1 674 756 теңге) асты.