454.98
509.53
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада автобуспен жүру құны 150 теңгеге дейін өсуі мүмкін
Жаңалықтар

Астанада автобуспен жүру құны 150 теңгеге дейін өсуі мүмкін

05.10.2026
мин
0
116
Сурет: Ғаламтордан

Астанада 1 желтоқсаннан бастап қоғамдық көлікпен қатынау ақысын 150 теңгеге дейін өсіру ұсынылды. Бұл тариф қолма-қолсыз төлем жасаған жолаушыларға арналған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тасымалдаушылардың шығыны артқандықтан қабылданғалы жатқан бұл шешімде оқушылар мен жеңілдік иелері үшін тегін жүру құқығы сақталады.

Елордада жол жүру құны соңғы рет осыдан он жыл бұрын, яғни 2014 жылы 90 теңге болып бекітіліп, кейін бір-ақ рет қайта қаралған еді. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтары автобуста 110 теңге төлеп жүр.

Сала мамандарының түсіндіруінше, бұл аралықта қоғамдық көлік инфрақұрылымын ұстап тұру шығындары еселеп өскен. Мәселен, дизель отынының бағасы бұрынғы 107 теңгеден 329 теңгеге дейін қымбаттаса, автобөлшектер, шиналар мен жөндеу жұмыстарының да құны арта түскен. Оған қоса жүргізушілердің де жалақысы өсті.

Бағаны қайта қарау – автобус парктерін жаңартып, бағыттар желісін дамыту үшін өте маңызды. Айта кету керек, соңғы үш жыл ішінде елордалық тасымалдаушылар 1 127 жаңа автобус сатып алып, бағдарларды толықтырған.

Тариф өзгергенімен, әлеуметтік қолдау шаралары күшінде қалады. 18 жасқа толмаған балалар мен жеңілдетілген санаттағы азаматтар қоғамдық көлікте бұрынғысынша тегін қатынай береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл