453.64
508.17
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астаналықтар жылу үшін төлемді қандай тәртіппен есептейді?
Жаңалықтар

Астаналықтар жылу үшін төлемді қандай тәртіппен есептейді?

03.11.2026
0 мин
0
66
Сурет: inbusiness.kz

Астана-Теплотранзит» АҚ елорда тұрғындарына жылыту қызметі үшін төленетін соманың қандай тәртіппен есептелетінін түсіндірді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Төлем мөлшеріне үйде орнатылған жылу есептегішінің болуы, тұтынылған энергия көлемі және бекітілген тариф әсер етеді

Жылыту маусымы басталғанда тұрғындарды толғандыратын басты сұрақтардың бірі – жылу үшін төлемнің қалай есептелетіні. Осыған байланысты «Астана-Теплотранзит» АҚ «Түсінікті түбіртек» ақпараттық айдары арқылы есептеу тәртібіне қатысты түсініктеме берді.

Компания мәліметінше, көппәтерлі тұрғын үйде жалпыүйлік жылу есептегіші орнатылып, қалыпты жұмыс істеп тұрса, төлем нақты тіркелген жылу энергиясының көлеміне қарай есептеледі. Ал үй бойынша тұтынылған жылу мөлшері пәтерлердің ауданына сәйкес бөлінеді.

Есептегіш болмаған жағдайда төлем қалай есептеледі?

Егер тұрғын үйде жалпыүйлік жылу есептегіші орнатылмаса, құрылғы істен шықса немесе оны салыстырып тексеру мерзімі аяқталса, төлем бекітілген тұтыну нормалары негізінде жүргізіледі. Бұл ретте сыртқы ауаның нақты температурасы да ескеріледі.

Жылыту ақысының көлемі бірнеше факторға байланысты. Атап айтқанда, тұтынылған жылу энергиясының мөлшері, қолданыстағы тариф және есептеу әдісі төлем сомасына тікелей әсер етеді. Ал жылу энергиясымен жабдықтау тарифтерін заңнамаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Төлем сомасын қайдан білуге болады?

Жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметтері бойынша есептелген қаражат бірыңғай төлем құжатында көрсетіледі. Әр қызметтің сомасы түбіртекте жеке жолмен беріледі.

Компания өкілдері есептеу тәртібін білу тұрғындарға түбіртектегі мәліметтерді дұрыс түсінуге, жылу тұтыну көлемін бақылауға және төлемге қатысты сұрақтардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті.

«Астана-Теплотранзит» АҚ «Түсінікті түбіртек» айдары аясында жылумен жабдықтау, есептеу құралдары мен коммуналдық төлемдерге қатысты ақпарат беруді жалғастырады.

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 91-88-88 нөмірі арқылы немесе www.a-tranzit.kz ресми сайтынан алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл