| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айы қарсаңында кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, сауапты айда халыққа қолдау білдіріп, күнделікті тұтынатын тауарлардың құнын төмендету – игі амалдардың бірі. Сондай-ақ ол құдайы астарды Рамазан кезінде ауызашар уақытында ұйымдастырып, көпшілікпен бірге сауапты сәттерді бөлісуге үндеді.
Бас мүфти қоғамдық тамақтану орындарындағы ауызашар мәзірі жұртшылыққа қолжетімді бағада болуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар дүкен сөрелерінде арақ-шарап өнімдері сатылмаса деген тілегін білдірді.