| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сынып оқушылары үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды алып тастау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ведомство басшысы Жұлдыз Сүлейменова айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда бастауыш сыныптарға арналған бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу ұсынысы талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мұндай бастамаға ата-аналардың өтініштері негіз болған.
Министрдің сөзінше, БЖБ мен ТЖБ оқушылардың білім деңгейін анықтауға арналғанымен, қазіргі таңда бағалау процесіне ата-аналардың белсенді араласуы жиілеген. Бұған қоса, жиынтық бағалау тапсырмаларының заңсыз сатылу фактілері де кездесіп отыр.
Осыған байланысты министрлік бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ өткізудің орындылығын қайта қарап жатыр. Жұлдыз Сүлейменова әлемнің бірқатар елдерінде критериалды бағалау жүйесі болғанымен, бастауыш буында мұндай жиынтық бағалаулар қолданылмайтынын атап өтті.
Ведомствоның түпкілікті шешімі дәстүрлі Тамыз конференциясында жарияланады деп жоспарланып отыр.