| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендету туралы екінші шешімінен кейін бірқатар банк депозит шарттарын қайта қарай бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер және EconomIQ Telegram-арнасының авторы Венера Жаналинаның айтуынша, әзірге жаңа шарттарды ресми түрде тек жекелеген банктер ғана жариялаған.
Өзгерістердің алғашқы толқынына Halyk Bank мысал бола алады. 15 маусымнан бастап үш айлық QORJIN депозиті бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 19,50%-дан 18,51%-ға дейін, ал алты айлық мерзім бойынша 17%-дан 16,50%-ға дейін төмендеген.
Сонымен қатар осы депозиттің 12 айлық мерзімі бойынша мөлшерлеме, керісінше, 15,05%-дан 15,50%-ға дейін өскен.