Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Берлиндіктер
Жаңалықтар

Берлиндіктер "Әйелдер, өмір, бостандық" деген ұранмен шеруге шықты

23.10.2022
1 мин
0
574

Берлинде мыңдаған адам ирандық әйелдерді қолдап, наразылық акциясын өткізді.


Шерушілер «Әйелдер, өмір, бостандық» деп ұрандатып, шаһардың орталық көшелерімен жүріп өтті. Полиция дерегі бойынша оған 80 мың адам қатысқан. Олардың арасында Иран диаспорасының өкілдері, әйелдер құқығын қорғайтын белсенділер мен тұрғындар бар. Бәрінің талабы бір – Иранда демократиялық реформалар жүргізіп, саяси тұтқындарды қудалауды тоқтату. Және Махса Аминидің қазасын тергеу. Естеріңізге сала кетейін, марқұм әйел хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынып, кейін көз жұмған еді.


Надин, шеруші:

Бұл бәрімізге қатысты мәселе. Сондықтан да плакатыма әйелдер құқығы - адам құқығы" деп жаздым. Әйел кісілер еркін болуы керек. Олар өмірден ләззат алуы қажет. Менің ойымша, шұғыл түрде кінәлілерге қарсы бағытталған бірақ халыққа кесірі тимейтін санкциялар енгізу керек.

Ана, шеруші:

Бұл іске саясаткерлер араласып, өз ойларын ашық білдіруі керек. Иранда ортағасырлық заңның бары сұмдық қой. Мен үшін бұл түсініксіз нәрсе. Сондықтан осы шеруге қосылып, Иран әйелдеріне қолдау білдіру өте маңызды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
297
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл