Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БАҚ біз туралы

Дәулет Мұқаев: Оқушы кезімде шемішке мен шыбынның дәрісін сатып, ақша таптым

22.04.2022
1 мин
0
353

Блогер, экономист Дәулет Мұқаев жастай білімге құштар болып, еңбекке де ерте араласқанын айтады. Сөзінше, ол алғашқы табысын 4-сыныпта оқып жүріп тапқан. Мектеп қабырғасында жүргенде түрлі жұмыстар атқарған. Бұл туралы Дәулет Мұқаев "Түнгі Хабар" бағдарламасында айтты. 

Дәулет Мұқаев бала кезінде қандай болғанын айтты.

"Алғыр, білімге ұмтылғыш, зерек бала болдым. 4-сыныпта оқып жүргенде 2-3 сынып балаларына сабақ беретінмін. Сол кезде бір үйден 200 теңге алатынмын.

Көршілер мені "кіші декан" деп атайтын. Балалар түсінбеген сабақтарды, көбінесе математиканы түсіндіріп беретінмін", - деп еске алды Дәулет.
Блогер еңбекке де ерте араласқанын еске алды. 

"Оқушы кезде шемішке, шыбынның дәрісін саттым. 7-8 сыныпта көлік жуатын орталықта, кейін моляр болып жұмыс істедім. 11-сыныпты бітірген соң, бутикте ұялы телефон, батарея, қуаттағыш сынды заттар саттым", - дейді экономист.

Қаржылық сауаттылық туралы халыққа білім беріп жүрген Дәулет Мұқаевтың бүгінгі таңда 4 баспанасы бар.  

   Ақпарат stan.kz сайтынан алынды

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2388 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл