Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәулет Төлеутайұлы: Ұстаздарға арналған медальдардың саудасы қызып тұр
БАҚ біз туралы

Дәулет Төлеутайұлы: Ұстаздарға арналған медальдардың саудасы қызып тұр

10.02.2022
1 мин
0
946

Дәулет Төлеутайұлы ұстаздар арасындағы атақ саудасы жайлы айтып, көлемді жазба жариялады. Блогер көптен айта алмай жүрген назын жеткізді.

Дәулет Төлеутайұлы Аятжан Ахметжанұлы есімді оқырман хатын жария етті. Осылайша қоғамда өзекті тақырыпқа айналған ұстаздардың медаль саудасы туралы сөз етті. 

“Ұстаздарға арналған медальдардың саудасы қызып тұр. Міне, ұлттың құрдымға кетуі. “Ғасыр ұстазы” – 13 мың, “Алаш ұстазы” – 10 мың, “Ұлт ұстазы” – 5 мың теңге. Ұлағатты ұстаз атану бұдан сәл қымбаттау, оның құны 20 мың теңге. Ұстаздан ұят кетсе, ұлтта ар болмайды. Иә, өз басым “Ғасыр ұстазы”, “Ұлт ұстазы”, “Алаш ұстазы”, “Ұлы дала ұстазы” деген медальдарды сату немесе сатып алу түгілі сыйлыққа берсе, тағуға намыстанар едім. Ұлт ұстазы деген атты тек Ахметке қолданып жүрміз, ал олар істеген тірліктің жүзден бірін тындырмай сол деңгейдегі атақты медаль етіп сатып алып тағу – ұятсыздықтың шыңы.

Бүгінде мұғалімдер арасында медаль сатып алып тағу – мода. Тіпті әлеуметтік желіде әлдебір жеке кәсіпкердің қолынан сатып алған медалін осындай марапат бұйырды деп жазып отырғанда бетімнен отым шығады, себебі, ұстазы атақ қуса, ұстазы жалғандыққа барса, ұлттың ертеңі не болмақ?”, – деп жазды.

Автор ұлт ұстазы атағының Ахмет Байтұрсыновтай алаш азаматтарына ғана тән атақ екенін айта келе, қазіргі ақшамен келген атақтың қадірі жоқтығын ашық баяндайды. Ұстаздан ұят кетсе, қоғам бұзылады деп қосты.

“Жоғарыдағы атағы ала таудай, алты атанға жүк болар медальдарды алып жүргендер қатарында оқуды сырттай бітіріп, мектепте қалт-құлт етіп сабақ беріп жүрген, жұмыс өтілі екі жылға жетпейтін шикі өкпе әріптестеріміз де бар. Құдай-ау, не атаққұмарлық? Кеудесіне бір медаль тақпай кеткен алаштықтардың қазақ білімінің іргетасын қалағанда артымыздан осындай ұрпақ жалғайды деп ойласа, 37-де атылмай тұрып жүректері тоқтап қалар ма еді, кім білсін!

Күйдіргенда сондай медальді сатып алып тағып, соны атап өтіп, той жасайды ғой. Тойында Алтынсарин естімеген алғыстар мен Ахметке айтылмаған бата-тілектер қардай жауады. Соны естуші де, айтушы да беті шым етіп ұялмайды. Өкінішке екеуі де біледі, жалған көсіліп тұрғанын. Ал осыдан кейін сыныпқа кіріп оқушыға тазалық туралы, адалдық туралы көсіліп әңгіме айтамыз? Неткен жиіркенішті. Өткен жылы айтқым келген сөз еді, қарға қарғаның көзін шұқымайды, әріптестеріңе қатты кетпесеңші деп ақыл айтар жанашырларым шығып жүрер деп тоқтап едім. Бірақ бұл ауру асқынды. Дерт күшейді. Ұстаздың ауруын жасырғанмен, ертең ұлттың өлімін көреміз. Тәйт демесек, тәрбиеден құн кетер”, – деді ол. 

Айтуынша, қазіргі мұғалімдердің марапат, атақ-медальдары ақшамен саудаланғалы біраз уақыт өтті. Мұны мұғалімдер абырой, бәсеке көреді. Сұраныс барда, алаяқтар саудасы қыза түспек.

“Біреулер осыны шығарып сатушыларды кінәлайтын шығар, бірақ, ақшада ар мен ұят болмайды, адамда болмаса. Бизнесте алушы болса, тауар өндіруші қашанда бар. Бизнеске айналдырып алғандар да сол арланбайтын қауымның бар екенін білетіндер.

Ахаңа "Ұлт ұстазы" деген атты өзі өмірден кеткен соң, алғаш рет педагог, ақын Мағжан Жұмабаев мақаласында қолданып, ары қарай Ахаңның төл паспортына айналған екен. Ал, сіздерге де сол тарих берер биік бағаны тілеймін, қазірше құнымыз арзандамасын. Әйтпесе, мың медаль сатып алып тақсаң да, арзан құныңды еш арттырмайды”, – делінген хатта. 

“Осыны кім айтар екен деп жүр едім”, – деп жазды Дәулет Төлеутайұлы. 

Желідегі оқырманы оның сөзін қостады. Мұның ашық сауда екенін айтып жанталасты.

“Бәрі сатылады, олимпиада, түгел грамота, мадақтама, бұндай жеңісі құрысын дейсің ғой, еңбекпен алмаған соң”, “Аттестациядан өтуге керек болып қалады деп алданатындар бар мұғалімдер арасында. Дұрыс өмір сүру үшін айлыққа тәуелді болғандықтан баратын мұғалімдер бар. Бірақ бәрі емес Сондықтан көпке топырақ шашпайық”, “Бір сабақты дұрыс бере алмай, ұялмай тағатындар бар ғой”, “Келісемін. Өзім де 23 жылдық өтілі бар мұғаліммін. Осындай медаль тағып жүргендерді көрсем, өзім ұяламын. Түсінер санасы барлар болса жақсы жеткізіп айттыңыз”, “Ғылыми жұмыстан орын алу үшін де ақша сұрайды мұғалімдерден. 50 мың – бірінші орын. Сол не масқара. Дайындап апарған оқушымыз ақша бермесең, орын алмайды”, – деп жазды өзге мұғалімдер. 
 

   Ақпарат alashainasy.kz сайтынан алынған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл