Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәулеттің оқырмандары көмек көрсетті
БАҚ біз туралы

Дәулеттің оқырмандары көмек көрсетті

23.03.2021
1 мин
1
921

Мақтаарал ауданын су басқанда жұрт жан-жақтан көмек берді. Блогер Дәулет Мұқаевтың Instagram  желісіндегі оқыр­мандары науқанға атсалысу мақсатында 24 млн 297 мың теңге жинады. Дәулет Төлеутайұлы жиналған қаржыға Acer, Asus, HP брендінен 160 ноутбук сатып алды. 22 мамыр күні Мырзакент кентінде салтанатты жиын өтіп, мектеп біті­ру­ші түлектер мен сынып жетекшілеріне ноутбук табыс­та­ды. 

Ноутбук табыстау рәсіміне аудан тұрғындары мен мектеп бі­ті­­руші түлектер жиналды.  Сый­лық­ты алатын мектеп бітіруші түлектер мен сынып жетекшілер тізім­деліп, рет бойынша ноут­бу­гын алды. Дәулет Мұқаев аталған­дар­дан бөлек аудан тұрғыны, жалғызбасты, көпбалалы (7 бала) анаға ноутбук сыйға тартты. Оған қоса, экономист ноутбук ие бол­ған әрбір адамға өзінің «Бас­па­наға бағыт» кітабын тарту етті.

«Студент кезімде ноутбук қа­жет болды. Ата-анам ноутбукты не­сиеге алып, 1 жыл бойы төледі. Мақтаарал ауданындағы мектеп бітіруші түліктерге ноутбук сый­лаудың бір себебі – осы. Олар­дың ата-аналары келешекте ноут­бук сатып алу үшін несие ал­майтын болады. Бұл біздің оқу­шыларға көрсеткен көмегіміз. Білімге құйған инвестициямыз. 150-ден астам оқушыға ноутбук табыстадық. Оқырмандарыммен мақ­танамын, оқырмандарым мені­мен мақтанады. Дәулеттің оқыр­мандары – қайырымдылық бренді», – деді ол Мырзакент кентіндегі С.Рахимов мектебінде өткен жиында.

Сондай-ақ ол оқушыларды бі­лім алуға, үйренуге, талмай ең­бек етуге шақырды. Қайырым­ды­лық жасауға асыққан, үлес қосқан әрбір оқырманына алғыс айтты. Дәулеттің оқырмандары аталған кешке арнайылап тәтті пісірген. Салтанатты жиынға қа­тысқан түлектер мен ұстаздар тәтті бәліштен дәм татты.

 

Ақпарат aikyn.kz сайтынан алынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
S
Saltanat 03.01.2023
Керемет Алла разы болсын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл