451.87
507.31
5.53
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депозитке 5 пайыз салық салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Жаңалықтар

Депозитке 5 пайыз салық салынады деген ақпарат жалған болып шықты

05.11.2026
0 мин
0
151
Сурет: azh.kz

Қазақстанда жеке тұлғалардың банктік депозиттерінен түсетін сыйақыға жеке табыс салығын салу жоспарланып отырған жоқ. Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жаңа салық енгізіледі деген ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандықтардың депозиттерінен түсетін пайыздық табысқа салық салу мәселесі Үкіметтің күн тәртібінде жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

JAQ.OrtCom Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының хабарлауынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың банктік салымдары бойынша алатын сыйақысына салық енгізіледі деген мәліметтер қайта тараған. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Ведомство түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 430-бабында жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша алатын сыйақысын жеке табыс салығынан босату нормасы қарастырылған.

Министрлік бұл норманы өзгерту немесе депозит сыйақысына салық енгізу мәселесі Үкіметте талқыланып жатпағанын нақтылады.

Сонымен қатар Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы көрінеу жалған мәліметтерді қасақана таратудың заңда белгіленген жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Осылайша, қазіргі уақытта жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл