453.26
506.7
5.58
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодардың басты жылу орталығы қысқы маусымға әзір
Жаңалықтар

Павлодардың басты жылу орталығы қысқы маусымға әзір

04.11.2026
0 мин
0
124

Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы электр станциялары мен электр беру желілерін жаңғырту қажеттігі атап өтілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жылыту маусымына дайындық аясында ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті еліміздің энергетикалық нысандарындағы жөндеу жұмыстарының барысына бақылауды жалғастыруда. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуына, жабдықтардың техникалық жай-күйіне және тұтынушыларды энергиямен сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл еліміздің электр станцияларында 9 энергоблокқа, 55 қазандық агрегатқа және 51 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 8 энергоблоктың, 49 қазандық агрегаттың және 32 турбоагрегаттың күрделі жөндеуі аяқталды.

Атап айтқанда, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар ЖЭО-3 станциясында жоспарға сәйкес жөндеу науқаны толық көлемде аяқталды. Павлодар тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету мақсатында № 1, 3 және 5 қазандық агрегаттарына, № 3 және 5 турбоагрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ № 1 түтін мұржасы жөнделді.

Қазіргі уақытта станцияда бес қазандық агрегат пен бес турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Олар тұтынушыларға жылу және электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуде.

Жөндеу науқанының аяқталуы Павлодар ЖЭО-3 жабдықтарының сенімді жұмыс істеуіне және 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл