Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат еліміздегі сапасыз интернет мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Депутат еліміздегі сапасыз интернет мәселесін көтерді

24.05.2023
1 мин
0
328

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев еліміздегі ғаламтордың қолжетімсіздігі мәселесіне тоқталып, осы жылдың 4 айының өзінде қазақстандықтар сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам арыз-шағым түсіргенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

«Қазақстанда интернет бар» деген аты болмаса бүкіл әлемде жылдам саналатын желі біздің елге келгенде табанына тас байлап алғандай көрінеді», - деді Нартай Аралбайұлы.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріндегі мәліметке сәйкес, Қазақстандағы халқы саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылмаған. 

«2020 жылы мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7%-ын интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамассыз етті дегенді де естіді ел, бірақ бұл деректің де арты бір-ақ тұтам екенін уақыт өте аңғардық. Басқасын былай қойғанда бас қаланың біраз жерінде интернет әупірімдеп әрең істейді. Сапалы интернетті басқа түгілі бас қалада  қолдану қиынның қиыны. Интернеттің сын көтермейтін сапасына қарамастан халыққа қажет талай қызметті электронды порталдарға салып тастады жауапты ведомство», - деді депутат.

Депутаттың сөзінше, интернетсіз өмірдің азабын қазір ең алдымен ұстаздар мен оқушылар тартып отыр. Бұл проблеманы Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновте растаған. Ол өз сөзінде қазір Қазақстандағы 3 мыңнан астам мектеп ғаламторға қосылмағандығын айтқан. Осы жылдың 4 айының өзінде қазақстандықтар сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам арыз-шағым түсірген. Алайда, бұл мәселе ешқандай шешімін таппаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
288
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл