Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде он күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі
Жаңалықтар

Елімізде он күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі "синтетика" тәркіленді

13.11.2025
мин
0
95

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың, соның ішінде жастардың, есірткі айналымына тартылуының алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Соңғы 10 күн ішінде полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар 27 адамды ұстады. Есірткі жасырушылардан бастап, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға дейін сызбалаар анықталып, жолы кесілді.

Петропавл қаласында 20 жастағы жігіттен 290 грамм "синтетика" тәркіленді.

Шымкент қаласында бұрын сотталған 27 жастағы ер адамнан жарты келіден астам мефедрон, электронды таразы мен буып-түюге арналған қаптамалар алынды.

Ақмола облысында Астана – Астраханка тасжолының бойында жасырын қойма табылып, 12,5 келі мефедрон тәркіленді. Қарағанды қаласында 25 жастағы ер адамнан 400 грамм Альфа-PVP есірткі заты алынды. Осы облыс аумағында жасырын есірткі зертханасы анықталып, одан 52 келі дайын Альфа-PVP және 2 тонна прекурсор тәркіленді.

Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 10 күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл 240 мыңнан астам бір реттік доза. Оның айналымға жіберілмеуінің арқасында мыңдаған тағдыр құтқарылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл