Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді мектеп директорлары жаңа тәртіп бойынша тағайындалады
Жаңалықтар

Енді мектеп директорлары жаңа тәртіп бойынша тағайындалады

30.11.2022
2 мин
3
1999

Елімізде мектеп директорлары білім ордасының құрылысы басталған сәтте-ақ тағайындалады. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов директордың тек мектепті басқарып қана қоймай, құрылыс барысын бақылап, бас-көз болуы керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ алдын ала мұғалімдерді жинап, менеджмент және көшбасшылық бойынша арнайы курстардан өтеді. Министрдің сөзінше, бұл – жаңа мектептерді білікті педагогтермен қамтамасыз ету және білім сапасын арттыруды қамтамасыз ететін тәсіл, деп хабарлайды Dauletten.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алдағы екі жылда Қазақстанда 842 мың оқушыға мектеп салу үшін республикалық бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінген. Сонымен қатар соңғы 3 жылдың ішінде мұғалімдер саны 1 миллионға өсіп, бүгінде 3 миллион 700 мыңға жеткен. Дегенмен Аймағамбетовтің сөзінше, жаңа жайлы мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет екен. Оның бір бөлігі қазіргі 3 ауысымды мектептерден баратын ұстаздар болмақ. Бұдан бөлек жемқорлардан алынып, арнайы қорға құйылып жатқан қаржыға да келесі жылдан бастап жайлы мектеп салынады.  

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Оқу-ағарту министрі: 

“Тиісті қор құрылады. Ол қортың шеңберінде де жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмысты біз қарап отырмыз. Қазір оның ережелері дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап іске асырамыз деп біз дайындық жұмыстарын жүргізіп отырмыз”, – деді Асхат Аймағамбетов.  

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұған дейін айтылып жүрген "жайлы мектеп" жобасының маңызы мен ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған ұлттық жоба екенін атап өтті. Жобаның негізгі 8 артықшылығы бар.

  1. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше олардың өз оқу кабинеттері, спортзалдары, әжетханалары болады;
  2. Балалардың қаупсіздігі қамтамасыз етіледі. Әр мектепте бейнебақылау, дыбыстық дабыл  орнатылады;
  3. Оқушыларға оқу құралдарын, ауыстыратын киімдерін сақтайтын жеке шкафтар берілді. Кітап оқуына, демалуына, шығармашылықпен айналысуына жағдайлар жасалады;
  4. Мектептерде заман талабына сай физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттер болады және әр кабинетке тиісті экрандар орнатылып, оқушылар интернетке қосыла алады;
  5. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін барлық жағдай жасалады;
  6. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше спортзал қарастырылады.
  7. Мұғалімдерге де ерекше көңіл бөлінеді. Олардың кабинеттері, кәсіби зоналар, қосымша білім беруге арналған немесе жиын өткізетін залдар сондай-ақ, әр қабинетте интернетке қосылған жеке компьютерлер болады; 
  8. Жайлы мектептер комьюнити орталығының рөлін атқарады. Әсіресе, бұл ауылдық жерлерге қатысты болмақ.

Сонымен қатар мектептер балаларды еңбекке баулу үшін ресурстық орталық қызметін атқарады. Тағы бір айта кетері "жайлы мектептер” ауылда да, қалада да бір стандартпен салынады. Мектептердің құрылыс жұмыстарымен тек сол мектепке тағайындалатын директорлар ғана емес, еліміздің кез келген азаматы интерактивті карта немесе IP-камера арқылы онлайн режимде бақылап, мектептің тиісті құжаттарымен танысуға мүмкіндік алады. 

3 Пікір
Р
Раушан 30.11.2022
Бастауыш пен жогаргы сыныптарга болек блок жаксы идея екен Жоғарғы сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсетіуі қысқаратын шығар
Жауап беру
Э
Эльмира Әлиханқызы 30.11.2022
Қолдаймын әсіресе ауыл мектепріне берілсе жақсы болар еді ауылға жеткенше қаражат жетпей көз болушылық көрсетсе қиын болайын деп тұр әлдіде жемқорлық көппқой
Жауап беру
С
Сайра 30.11.2022
Мектеп салына ма сонда қайтадан. Ауыл мектептері бұл жобаға тіптен сай келмейді
Жауап беру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл