| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдісі – PSY-тәуекел жүйесі енгізіле бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жүйе суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтап, психоэмоционалдық ауытқуы бар азаматтарды әскери қызметтен шеттетуге бағытталған.
2025 жылғы көктемгі шақырылымда пилоттық жоба нәтижесінде 470-тен астам жас анықталып, әскерге жіберілмеген.
Жүйе бірнеше кезеңнен тұрады: бастапқы скрининг, терең психологиялық диагностика, қажет жағдайда психиатриялық сараптама.
Инициатива Қорғаныс министрлігінің әскери психологтарымен әзірленген. Бұл мәселе Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды.
Подполковник Арман Қалышевтің айтуынша, бастама Үкімет тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жүйе еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізіледі.
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            