| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде талқыға түскен тойдағы уағызға қатысты пікір білдіріп, қоғамды ұлттық құндылықтар мен зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин қоғамда ұлттық құндылықтар мен зайырлы мемлекет қағидаттарына қайшы келетін әрекеттерге жол бермеу қажеттігін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда Конституция мен заң талаптары бәрінен жоғары тұрады, ал өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою дұрыс емес.
Сондай-ақ ол көпшілік алдында адамдарды кемсіту, өз көзқарасын өзгелерге күштеп таңу қоғамдық әдепке сай келмейтінін атап өтті. Бұл пікір әлеуметтік желіде той кезінде уағыз айтып, музыка мен әйелдерге қатысты даулы пікір білдірген адамның видеосына байланысты айтылды.