451.87
507.31
5.53
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа Stadler пойыздары алғашқы сапарына дайын
Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Stadler пойыздары алғашқы сапарына дайын

05.11.2026
0 мин
0
150

Бүгіннен бастап Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарында қатынайтын жаңа Stadler пойыздарына билет сатылымы ашылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, заманауи вагондардан жасақталған №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы алғашқы сапарына 11 қарашада, ал №153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойызы 13 қарашада шығады.

Жаңа пойыздарды іске қосу Мемлекет басшысының жолаушылар вагондары паркін жаңарту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгінге дейін компания 100-ден астам Stadler вагонын қабылдап алған. Олар алдағы уақытта кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжановтың айтуынша, вагондар паркін жаңарту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, теміржол қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа вагондардың қандай артықшылықтары бар?

Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген вагондар Stadler Kazakhstan зауытында шығарылады. Купе вагондары 40 жолаушыға, ал плацкарт вагондары 56 жолаушыға арналған.

Жолаушылардың жайлылығы үшін вагондарда ауа температурасын реттеу жүйесі, жеке жарық шамдары, 220 В розеткалары, USB және USB-C қуаттау ұяшықтары орнатылған. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі қарастырылған.

Ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға да арнайы жағдай жасалған. Бұдан бөлек, пойыз құрамындағы буфет вагондарынан ыстық тамақ, сусындар мен жеңіл тіскебасарлар сатып алуға болады.

Пойыздар қай уақытта қатынайды?

№3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы күн сайын жүреді.

* Астанадан сағат 13:10-да шығып, Алматыға келесі күні 08:30-да жетеді.
* Алматыдан сағат 12:12-де аттанып, Астанаға келесі күні 07:03-те келеді.

№153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойызы айдың тақ күндері қатынайды.

* Астанадан сағат 16:40-та шығып, Семейге келесі күні 06:10-да жетеді.
* Семейден сағат 15:00-де аттанып, Астанаға келесі күні 05:05-те келеді.

Билеттерді қайдан сатып алуға болады?

Жолаушылар билеттерді bilet.railways.kz⁠ ресми сайты арқылы немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне хабарласуға немесе компанияның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасына жүгінуге болады.

Айта кетейік, вагондар паркін жаңарту жобасы Қазақстан Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – теміржол тасымалының қауіпсіздігін арттырып, жолаушыларға заманауи әрі жайлы сапар жағдайын ұсыну.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл