Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Гольфтан жүлде қоры 20 миллион доллар болатын турнир өтеді
Спорт

Гольфтан жүлде қоры 20 миллион доллар болатын турнир өтеді

12.05.2025
1 мин
0
139
Сурет: astons.com

2025 жылдың 15 мамырында АҚШ-тың Шарлотт қаласында гольф әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі — PGA Championship 2025 басталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл турнирге Рори Макилрой, Джон Рам және Скотти Шеффлер сынды атақты гольфшылар қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 20 миллион доллар.

PGA Championship — маусымдағы басты төрт гольф жарысының бірі болып саналады. Ол The Masters, US Open және The Open Championship турнирлерімен қатар әлемнің үздік спортшыларын жинайды.

Аталған турнирдің соңғы жеңімпазы — америкалық Зандер Шауффеле. Ол 2024 жылы өткен PGA Championship жарысында топ жарды.

2024 жылғы турнир 16–19 мамыр аралығында Кентукки штатындағы Луисвиль қаласында орналасқан Valhalla Golf Club алаңында өткен.

Шауффеле жарысты −21 нәтижемен (263 соққы) аяқтап, турнир тарихындағы төрт раундтың жаңа рекордын орнатты. Ол ең жақын қарсыласы Брайсон Дешамбоны небәрі бір соққымен басып озды.

Бұл жеңіс — Шауффеленің мансабындағы алғашқы мэйджор титулы әрі PGA Tour аясындағы сегізінші табысы болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл