Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инватакси қызметін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін заңға тәуелді актілерге түзетулер әзірледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 2025 жылғы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қазіргі таңда инватакси қызметі жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетіледі. Ал жаңа формат енгізілген жағдайда, мүгедектігі бар азаматтар көлік жеткізушіні өз қажеттілігіне сай таңдай алады, көлікті өз бетінше шақырып, қызмет сапасын бақылауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ бұл тәсіл қызмет көрсету уақытын қысқартып, үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Инватакси қызметі үшін төлем бұрынғыдай жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жаңа форматты 2025 жылдың күзіне қарай енгізу жоспарланып отыр.