Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Келесі аптада Астанада LRT-ның кейбір станциясы іске қосылады. Бұл жөнінде қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әкімнің айтуынша, алғашқы пойыз қыркүйектің соңында жолға шығуы мүмкін. Қазіргі жоспар бойынша, 29 немесе 30 қыркүйекте LRT желісі бойымен алғашқы бағыт – Абу-Даби станциясынан бастап Мәңгілік Ел көпірі бағытына дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдай бастайды.
- Алғашқы күні пойыздар тек белгілі бір уақыт аралығында ғана қатынайды. Кейіннен жұмыс уақыты біртіндеп ұзартылады. Станциялар саны, қозғалыс ұзындығы және қатынайтын пойыздар саны ай сайын артып отырады, – деді Жеңіс Қасымбек Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.
Бастапқы кезеңде пойыз қозғалысы 1-2 станция арасында сынақ режимінде іске қосылады. Толық тестілеу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін жалғасуы мүмкін.
Сондай-ақ әкім қазан айында қосымша 8 пойыз жеткізілетінін, ал желтоқсанға дейін жалпы саны 18 пойыздың Астанаға келетінін айтты. Барлық құрам келесі жылдың басында жұмысын бастайды деп жоспарланған. Жолаушылар үшін жоспарланған жолақы – 200 теңге.
Айта кетейік, LRT жобасының жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым. Бұған дейін қала билігі желі бойындағы 18 станцияның атауын бекіткен болатын.