Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
12 тамыздан бастап магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өтініштер 18 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары және онлайн форматтағы виртуалды комиссиялар арқылы қабылданады.
Биыл магистратураға түсу емтиханына 49 мыңға жуық адам қатысты. Шекті балды ғылыми-педагогикалық бағытта тапсырушылардың 50%-ы, бейінді бағытта 21%-ы жинады. Олар 13 мың мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.
Конкурсқа қатысу үшін жеке куәлік, диплом және қосымшасы, КТ сертификаты және (бар болса) шет тілін меңгеру жөніндегі халықаралық сертификат тапсырылады. Абитуриенттер бір білім беру бағдарламалары тобы мен үш ЖОО-ны таңдай алады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады, ал қабылдау 28 тамызда аяқталады.