Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мақтаарал ауданындағы түлектерге салтанатты түрде ноутбук табысталды
Жаңалықтар

Мақтаарал ауданындағы түлектерге салтанатты түрде ноутбук табысталды

22.05.2020
2 мин
4
1910

Бүгін 22 мамыр күні Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде Білім басқармасының шешімімен Сабыр Рахимов атындағы мектепте Дәулеттің оқырмандары атынан салтанатты түрде ноутбуктерді табыстау рәсімі өтті.

11 мамыр күні жиналған қаражат сомасы 24,3 миллион теңгені құрады. Оқырмандар бұл қаражатты небәрі бір күнде жинаған. Блогер «Білімдінің күні жарық» ұранымен балалардың болашағын ойлап, жиналған ақшаға Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетін түлектерге ноутбук алуды жөн көрген.

Басында «су басып жатқан адамдарға ноутбуктің не керегі бар? Балалар далада қалай ноутбукпен сабақ оқиды?» - деп айтқан жандар да болған. «Десе де, оларға айтарым – таяз ойламауымыз керек. Бұл – балалардың болашағына жасалып жатқан қадам», - дейді Дәулет Төлеутайұлы.

Нәтижесінде жиналған қаржыға 160 ноутбук алынып, оқушыларға және сынып жеткешілеріне табысталды. Жалпы 154 бала: төтенше жағдай кезінде үйі суға кеткен және суға кету қаупі басым болған 4 мектептен – 43, 15 тұл жетім, 4 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 10 жартылай жетім, 58 көпбалалы отбасы, 28 аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға және оқушылардың 6-сынып жетекшісіне берілді.

«Білім беру басқармасынан түлектердің толық тізімін алып, оқушыларға ноутбуктерді алдық. Қазақ ең алдымен білімді, баспаналы және жеке бизнесті болсын. Біз таңдаған бағыт – білім. Білімге салынған инвестиция – ең керек құндылық»,- дейді өз сөзінде Дәулет.

Бүгінгі өткен салтанатты рәсімде оқушылар мен ұстаздарға ноутбукпен қатар Дәулет Төлеутайұлының құнды ақпаратқа толы «Бизнеске бағыт» кітабы да табысталды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Т
Тумар 11.08.2020
Даулет мен сизге тиркелдим,сизге саттилик
Жауап беру
Н
Нагима 11.08.2020
Мен жалғыз басты анамын
Жауап беру
А
Акерке 24.07.2020
Бастамаларын оте жаксы.
Жауап беру
А
Акерке 24.07.2020
Даулет, мен кеше тиркелдим озиннин сайтына .
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл