487.17
565.65
6.72
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда есірткі араласқан көкнәр тұқымын сатқандар 7 жылға сотталды
Жаңалықтар

Павлодарда есірткі араласқан көкнәр тұқымын сатқандар 7 жылға сотталды

16.06.2026
мин
0
44

Павлодар қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымын ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті тергеген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу барысында З.Алекперовтің құрамында есірткі заттары бар көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде сатып келгені анықталды. Заңсыз саудаға оның жақын туыстары да тартылған. Қылмыстық топ мүшелері арасында өнімді жеткізу, сақтау, буып-түю және сату міндеттері бөлінген.

Тергеу мәліметінше, көкнәр тұқымдары басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Кейін олар қарапайым көкнәр тұқымы мен дәмдеуіш ретінде саудаға шығарылған.

Тінту кезінде құқық қорғау органдары құрамында есірткі заттары бар көкнәр тұқымдарының буып-түйілген ірі партияларын тәркіледі. Заңсыз өнімді сатудан түскен қаржы қолма-қол ақша және банк аударымдары арқылы қабылданған.

Анықталғандай, қылмыстық жолмен тапқан табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алған. Күдікті көліктерді өз атына емес, үшінші тұлғалардың атына рәсімдеу арқылы мүлкін жасыруға әрекеттенген.

Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласы кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған екі автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Құрамында есірткі заттары бар 321 келі көкнәр тұқымы жойылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл