Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде баспана алуға бағытталған «7-20-25» бағдарламасы бойынша 55 732 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың 25 наурыздағы жағдайы бойынша аталмыш бағдарлама аясында қарыз алуға 664,8 млрд теңгеге 55 732 өтінім қабылданды. Оның ішінде 391,2 млрд теңгеге 32 627 қарыз мақұлданды.
Өтінімдердің басым көпшілігі – Нұр-Сұлтан қаласынан, екінші орында Алматы қаласы, ал Шымкент қаласы бойынша 1 772 өтінім қабылданды.
Еске сала кетейік, аталмыш бағдарлама арқылы азаматтар алғашқы жарна 20%-пен 25 жылға дейін несие рәсімдей алады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 7%. Десе де, өңірлер бойынша белгіленген тұрғын үй сомасы әртүрлі. Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жаңа түрғын үйлерді ғана рәсімдеуге болады.