Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарақат Әбден: «Жетімдерге қамқорлық аз»
Жаңалықтар

Қарақат Әбден: «Жетімдерге қамқорлық аз»

15.05.2023
1 мин
0
605

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысы өтті. Онда депутат Қарақат Әбден жетімдер үйін азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

«Жетімнің панасы – ел демекші, біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіруге, оларды отбасы жағдайында тәрбиелеу мәселесіне көбірек көңіл бөлуіміз қажет. Қанша жерден жетімдер үйінде қолайлы орта жасалса да, отбасы мен үй тәрбиесіне ештеңе жетпейді. Бұл мәселені мен ұзақ уақыттан бері зерттеп жүрмін. Жетімдер үйіндегі балалардың жайы маған жақсы таныс. Отбасы жағдайында тәрбиеленген балалар қоғамға, үлкен өмірге тез бейімделетіні белгілі. Деректерге сүйенсек, балалар үйінен шыққан жандардың тек 10-15 пайызы ғана заман көшіне ілесе алады, ал өмірде өз орнын таба алмай жүрген жетімдер қаншама.

Осы орайда біз балалар үйінің санын азайтып, біртіндеп жабуға немесе олардың форматын толықтай өзгертуге мүдделі болуымыз қажет. Оның орнына елімізде бала асырап аламын деушілерге көбірек жағдай жасаған дұрыс деп есептеймін», - деді депутат. 

Қарақат Әбденнің сөзінше, бүгінде балалар үйіндегі бір бүлдіршін үшін мемлекеттен айына 1 миллионға жуық қаражат беріледі. Осы қаражат бала асырап алғысы келетін отбасыларды қолдауға бағытталса, бала үшін бұл әлдеқайда пайдалы болары анық.

«Қазіргі кезде жетімдер үйінің саны азайып келеді. Еліміз бойынша қазір сәбилер үйінде 707 бүлдіршін тұрып жатыр, ал балалар үйінде 4916 тәрбиеленуші бар. Бұрынғы кездермен салыстырғанда, бұл біршама жақсы көрсеткіш. Енді осы үрдісті бәсеңдетпей  балаларды отбасыларға орналастырудың жолдарын дамыту керек», - деді Қарақат Әбден.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл