| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс беру өтіп жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі жұмысын бастаған. Оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының шешімімен 107 учаскеде дауыс беру сағат 06:00-де басталды.
Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Оның 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алған.
Еліміз бойынша барлығы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 79-ы 61 шет мемлекетте орналасқан. Қазіргі уақытта 16 шет мемлекеттегі 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бір сағаттан кейін шетелдегі сайлау учаскелерінің ашылуы туралы қосымша ақпарат ұсынады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беру барысы туралы ақпаратты сағат 10:00-ден бастап әр екі сағат сайын жариялап отырады.