Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

03.01.2024
1 мин
4
1571
Фото: gov.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі.

Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
А
Аман 04.01.2024
Менің окладым 66мың Бухгалтер сізге айлық қосылмайды деді
Жауап беру
И
Илия 03.01.2024
Сәлеметсізбе,тәрбие көмекшілерінің айлығы қанша тг болды?Қанша косылады мысалы 78 аламын мен.
Жауап беру
А
Асель 03.01.2024
Төменгі жалақы өсетін болса, мұғалімдердің айлығынада қосылад деген сөзбе
Жауап беру
С
Сандуғаш 03.01.2024
Пенсионкамызды түсірмей жүр не үшін екен себебін қалай білсек болады. тіпті: үш, төрт айдан бері түспеген.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл