456.88
534.64
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қол қусырып, бәсеңсуге болмайды»: Тоқаев ел алдында тұрған міндеттерді айтты
Жаңалықтар

«Қол қусырып, бәсеңсуге болмайды»: Тоқаев ел алдында тұрған міндеттерді айтты

23.08.2026
мин
0
84
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің құрылуы Ассамблеяның жұмысын әлсіретпей, керісінше жаңа саяси тетік ретінде күшейтетінін айтты. Мемлекет басшысы алдағы жылдары Қазақстанда емханалар, оңалту орталықтары, көпірлер мен ірі мәдени және ғылыми нысандар салынатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге берген сұқбатында Қазақстанның алдағы даму жоспарына тоқталды. Президент елде құрылыс пен абаттандыру бағытында атқарылатын жұмыс көп екенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, әр өңірде және облыс орталықтарында халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Оның ішінде жаңа емханалар мен балаларға арналған оңалту орталықтары бар.

Астанада да бірнеше ірі жоба жүзеге асырылмақ. Президент елордада жаңа көпірдің құрылысы келесі жылы басталатынын айтты. Сонымен қатар «Домбыра сарайы» және су ресурстарын зерттеуге арналған ірі ғылыми орталық салу жоспарланған.

Мемлекет басшысы қалаларды абаттандыру мәселесіне де назар аударды. Оның сөзінше, «Таза Қазақстан» науқанын жалғастыру қажет.

- Шын мәнінде, біз әрбір облыста, облыс орталығында немесе қалаларда үлкен құрылыс жасап, емханалар саламыз. Балаларға арналған оңалту орталықтарын салатын болдық. Мысалы, Астанада жаңа көпір саламыз. Оны келесі жылы бастаймыз. Сондай-ақ зәулім Домбыра сарайы нысанын, суға арналған үлкен зерттеу институтын немесе орталығын саламыз. Жұмыс көп. Қалаларды абаттандыру керек. «Таза Қазақстан» науқанын ойдағыдай жалғастыру керек. Сондықтан қол қусырып, бәсеңсуге болмайды. Бәріміз ел болып, үлкен жұмысқа кірісуіміз керек. Бізде Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Сол себепті Отан үшін бәріміз күш салуымыз қажет, - деді Президент.

Сонымен бірге Тоқаев Халық кеңесінің құрылуына қатысты пікір білдірді. Президент жаңа органның Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына кері әсер етпейтінін, керісінше оның қызметін күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты.

"Келешекте Ассамблея жұмысына не болады?” деген сұраққа жауап берген Мемлекет басшысы Халық кеңесін жаңа саяси тәсіл әрі көпфункционалды саяси тетік деп бағалады.

- Халық кеңесі – жаңа орган. «Келешекте Ассамблея жұмысына не болады?» деп сұрап жүрген азаматтар бар. Халық кеңесі Ассамблеяның жұмысын күшейтіп, арттырады деп ойлаймын. Бұл көпфункционалды, жаңа саяси тәсіл, жаңа саяси тетік. Сол себепті бұл кеңестің жұмысы ойдағыдай жемісті болатынына күмәнім жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент саяси науқанның нәтижесіне де тоқталды. Оның пікірінше, сайлау барысында жаңа тұлғалар мен тың идеялар көрініс тапқан.

- Саяси науқан өте жақсы өтті деп айта аламын. Себебі жаңа тұлғалар пайда болды. Жаңа ұтымды идеялар айтылды. Құрылтай еліміздің дамуына үлкен серпін береді деп ойлаймын, - деп қоса кетті Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев №520 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берген. Осыдан кейін журналистерге сұқбат беріп, елдегі саяси өзгерістер мен алдағы жоспарларға қатысты сауалдарға жауап берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл