451.87
507.31
5.53
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құрылтай депутаттары Жоғарғы Сотта сот реформасының нәтижелерін талқылады
Жаңалықтар

Құрылтай депутаттары Жоғарғы Сотта сот реформасының нәтижелерін талқылады

06.11.2026
0 мин
0
77
Сурет: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотта көшпелі отырыс өткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жиында комитет төрағасы Үнзила Шапақ елімізде сот төрелігінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, судьялардың тәуелсіздігін нығайту және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу бағытында жүйелі өзгерістер жүзеге асырылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері мемлекеттік органдарға қарсы сотқа жүгінген азаматтар мен кәсіпкерлердің сот ісінде жеңіске жету көрсеткіші 15 пайыздан 58 пайызға дейін өскен.

Сонымен қатар апелляциялық сатының рөлі күшейтілді. Егер бірінші сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс анықтамаса, апелляциялық сот істі қайта қарауға жібермей, оның мәні бойынша шешім қабылдайды. Бұл судьялардың қателіктерін азайтып, сот актілерінің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Комитет төрағасы сот жүйесін демократияландыру мақсатында алқабилер сотының қарауына жататын құқық бұзушылықтар саны артып, 44-ке жеткенін атап өтті. Сондай-ақ дербес кассациялық соттар құрылды. Электронды сот ісін жүргізу, цифрлық қызметтер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу сот процестерінің жеделдігін, ашықтығын және қолжетімділігін арттырып келеді.

Талқылау барысында депутаттар өңір тұрғындарының кассациялық тәртіппен сотқа жүгіну мүмкіндігін кеңейту, алқабилер сотының қарауына жататын істер санатын одан әрі арттыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініштерді қарау тәртібі, сондай-ақ электронды бақылау құралдарын қолдану мәселелерін көтерді.

Кездесуден кейін депутаттар Жоғарғы Соттың интернет-залымен, Ситуациялық орталығымен және судьялардың цифрлық көмекшілерімен танысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл