467.48
539.52
5.73
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық: ОСК өңірлердегі жұмысты пысықтады
Жаңалықтар

Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық: ОСК өңірлердегі жұмысты пысықтады

06.08.2026
мин
0
271
Сурет: ОСК

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов ерекше мәртебесі бар Алатау қаласы мен Алматы облысының Қонаев қаласындағы сайлау учаскелерінің дайындық барысымен танысты. Инспекциялық сапар барысында ол бірқатар сайлау учаскелерін аралап, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ОСК хатшысы өңірдің мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Сайлауға дайындық жұмыстарының барысы туралы Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары баяндама жасады.

- Қазіргі уақытта азаматтарға өздерінің сайлау учаскелерін жедел анықтауға мүмкіндік беретін онлайн-сервистер іске қосылуда. Сондай-ақ қандай да бір себеппен еш жерде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруіне мүмкіндік беретін онлайн-сервистер де жұмыс істейтін болады. Барлық өңірлерде call-орталықтар ашылған. Бұл ақпараттың барлығы азаматтарға қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан барлық сайлаушыларды қолда бар мүмкіндіктер туралы сапалы ақпараттандыруды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жұмыстары жалғасады және сайлаушылар, байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қажетті жағдайлар жасалады. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарының толық көлемде сақталуын қамтамасыз ету де маңызды», - деп атап өтті Шавхат Өтемісов.

Алматы облысында Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу үшін құрамында 4 800-ден астам комиссия мүшесі бар 695 сайлау комиссиясы жұмылдырылған.

ОСК мүшесі Азамат Айманакумов Абай облысындағы сайлау учаскелеріне инспекциялық тексеру жүргізді. Ол Семей қаласы мен Жаңасемей ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты. Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты.

Кездесулер барысында сайлаушыларды сайлау науқаны туралы жүйелі түрде ақпараттандырудың, дауыс берушілерге, сенім білдірілген адамдарға, байқаушыларға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қажетті жағдай жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Өңірдегі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына дайындық барысы туралы ақпараттар ұсынылды. Азамат Айманакумов кеңеске қатысушылардың назарын сайлауды қатаң түрде сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу, сайлау процесінің барлық кезеңінде жариялылықты, ашықтықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Айта кетейік, аталған өңірде сайлау науқаны аясында 618 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың құрамында 4 мыңға жуық комиссия мүшесі қызмет атқаруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл