456.88
534.64
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құрылтай сайлауында халықтың белсенділігі қандай? ОСК жаңа деректі жариялады
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауында халықтың белсенділігі қандай? ОСК жаңа деректі жариялады

23.08.2026
мин
0
84

Қазақстанда Құрылтай сайлауына қатысқан азаматтардың саны 9 миллионнан асты. Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 72,15 пайызы дауыс берген, ал ең жоғары белсенділік Түркістан облысында тіркелді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысқан азаматтардың үлесі туралы жаңа мәлімет жариялады.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 қазақстандық бюллетень алған. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 72,15 пайызына тең.

Өңірлер арасында сайлаушылардың белсенділігі айтарлықтай ерекшеленіп отыр. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 90,17 пайызы дауыс берген.

Жетісу облысы да жоғары көрсеткіш көрсетті — 89,69 пайыз. Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 88,09 пайызға жетсе, Шығыс Қазақстан облысында 85,43 пайыз болды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында сайлаушылардың 84,95 пайызы, Жамбыл облысында 83,99 пайызы дауыс берген.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер мынадай:

  • Абай облысы — 77,54%;
  • Ақмола облысы — 78,95%;
  • Алматы облысы — 70,04%;
  • Атырау облысы — 69,05%;
  • Батыс Қазақстан облысы — 71,15%;
  • Қарағанды облысы — 74,78%;
  • Қостанай облысы — 75,31%;
  • Маңғыстау облысы — 70,61%;
  • Павлодар облысы — 69,99%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 75,14%;
  • Ұлытау облысы — 68,23%;
  • Шымкент — 71,89%.

Ал ірі қалаларда қатысу деңгейі салыстырмалы түрде төмен болды. Астанада сайлаушылардың 49,87 пайызы дауыс берсе, Алматыда бұл көрсеткіш 41,06 пайызды құрады.

Осылайша, сағат 18:00-дегі дерек бойынша республикадағы орташа көрсеткіш 72,15 пайыз болып отыр. Дауыс беру аяқталғанға дейін бұл көрсеткіштің өзгеруі мүмкін.

Сайлаудың қорытындысы Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санау процесін аяқтап, ресми нәтижелерді жариялағаннан кейін белгілі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл