Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Тіл-Қазына” орталығы Жапониямен цифрлық тіл технологиялары саласында жаңа әріптестікке жол салды
Жаңалықтар

“Тіл-Қазына” орталығы Жапониямен цифрлық тіл технологиялары саласында жаңа әріптестікке жол салды

22.07.2025
1 мин
0
260

2025 жылғы 15–17 шілде аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының делегациясы Жапонияның Фукуока қаласында өткен "ICLL 2025 – ІХ Халықаралық лингвистика және әдебиет конференциясына" қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Делегация құрамында орталықтың бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай, атқарушы директоры Лиза Қожаққызы Есбосын және ғалым хатшысы, PhD доктор Дана Жаңабекқызы Оспанова болды.

Аталған конференция алғаш рет 2017 жылы Амстердамда ұйымдастырылып, кейін Париж, Мадрид, Венада жалғасын тапқан. Биылғы шара Kyushu University (Жапония) және MGIMO University (Ресей) қолдауымен өтті. Жиында тіл, қоғам және технология тақырыптарындағы заманауи мәселелер көтеріліп, 20-дан астам елдің ғалымдары баяндамалар жасады.

Ғалым хатшы Дана Оспанова конференцияға баяндамашы ретінде шақырылып, "QazEmoLing. Эмоцияның лингвистикалық өмірі" тақырыбында баяндама жасады. Зерттеуде қазақ тіліндегі эмоция білдіретін сөздер мен синтаксистік құрылымдарды корпус лингвистикасы әдісімензерделеу жолдары таныстырылды.

Сапар барысында делегация Токио қаласындағы Жапон тілі және лингвистикасы ұлттық институтында (NINJAL) ресми ғылыми кездесу өткізді. Кездесуді институт директоры Кикуо Маэкава ашып, тілдің цифрлық кеңістіктегі болашағы мен корпустық зерттеулердің маңызына тоқталды.

Мақпал Жұмабай орталықтың стратегиялық жобаларын таныстырып, қазақ тілін цифрлық кеңістікке көшіру, тілдік деректерді жүйелеу, ашық инфрақұрылым құру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Дана Оспанова Қазақ ұлттық корпусының бес кіші корпусын таныстырып, олардың құрылымы мен автоматтандыру жұмыстарына тоқталды. Ал Лиза Есбосын тіл үйрету әдістемесіндегі лексика-грамматикалық минимумды анықтау мен оны ұлттық корпуспен үйлестіру жайлы ұсыныс айтты.

Жапон тарапынан профессорлар Прашант Пардещи, Ханаэ Коисо және жоба ассистенті Юта Такахаши өздерінің корпус лингвистикасы бойынша жүргізіп жатқан жобаларын таныстырды. Олар диахронды корпус, ауызекі тіл мәтіндері, морфологиялық талдау және балалар тілін зерттеу салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында Мақпал Жұмабай NINJAL директорына Ахмет Байтұрсынұлының "Таңдамалы шығармалар" жинағының қазақ-ағылшын тіліндегі нұсқасын тарту етті. Институт бұл сыйды зор ықыласпен қабылдап, кітапханаларына орналастыратынын жеткізді.

Келіссөздер нәтижесінде "Тіл-Қазына" орталығы мен Жапонияның жетекші ғылыми мекемелері арасында әріптестік байланыс орнап, болашақта бірлескен жобалар, тәжірибе алмасу, ғылыми ынтымақтастықты дамыту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл сапар қазақ тілінің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға және заманауи лингвистикадағы жаңа бағыттарға жол ашуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл