Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атауы «Отбасы банк» болып өзгерді
Жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атауы «Отбасы банк» болып өзгерді

22.12.2020
1 мин
11
5420

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" ресми атауы "Отбасы банк" болып өзгерді, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі

"2020 жылдың 20 желтоқсанында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

Осы күннен бастап банктің толық атауы -  "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы, қысқа нұсқасы - "Отбасы банк" АҚ.

Қаржы ұйымының атауы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырдағы тапсырмасына сәйкес ауысты.

Банктің жалғыз акционері мемлекеттік акциялар пакетіне 100% иелік ету және пайдалану құқығы бар "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып қала береді. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгереді.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бүгіннен бастап "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк болып қала береді және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы қызметін өзгертпейді", - деп хабарлады банк.

Сонымен қатар 2021 жылы "Отбасы банкі" тұрғын үйді есепке алуды, бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады деп жоспарланып отыр. 

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін қолданыстағы кезек жүйесін әкімдіктерден "Отбасы банкіне" беру және тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарлануда.

Бұл жағдайда азаматтар тұрғын үйге мұқтаж екенін растау, кезекке тұру, содан кейін несие алу үшін бірнеше инстанцияға жүгінбейді.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
Р
Рахат 24.02.2021
Біз 2011 жылы счет ашқанбыз. Енді аты өзгеріп " Отбасы банкі" болса біздің Тұрғын үй жинақ банкіне тұрғанымыз не болады? Аты ауыстырылғаннан кейін Заңсыз болып қалады ма?
Жауап беру
М
Мамырайым Қалыхан Амантайұлы 28.12.2020
Қалай тіркеліп, теңгені қалай құямын?
Жауап беру
М
Ма мырайым Қалыхан 28.12.2020
Қалай тіркеліп, теңгені қалай құямын?
Жауап беру
М
Молдир 26.12.2020
Биринши уй кезекке туру керекпа шотты ашу ушин
Жауап беру
А
Альбина 22.12.2020
Қалай ашуга болады онлайн депозит
Жауап беру
М
Майкл 22.12.2020
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен ҚОСЫНДЫ өзгермейді.
Жауап беру
Н
Несібелі 22.12.2020
Үйіміз бар.Бірақ Отбасы банкіне депозит жинап алу үшін Үй кезегіне тұру керек пе?
Жауап беру
А
Алмагул 22.12.2020
Бастапкы жарна аз болып 1жылда кол жеткизсек тимди болса сурагым атымызга болама жазуга
Жауап беру
Г
Гульмира 21.12.2020
Бәрекелді'
Жауап беру
К
Коля 21.12.2020
6 октябрден бастап косылган. Зейнеткерлерге арналган программа жанында кым толык малымет бере алады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл