Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ұмай» әйелдер ипотекасының артықшылығы неде?
Баспанаға бағыт

«Ұмай» әйелдер ипотекасының артықшылығы неде?

04.05.2023
3 мин
2
3617

«Ұмай» әйелдерге арналған ипотекасын Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарлануда. Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Отбасы банк Азия даму банкімен бірлесе, жалпы сомасы 38 млрд теңгеге әйелдерді несиелендіру туралы келісім жасады. Аталмыш бағдарлама бойынша 2021 жылы 8,4 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш игеріліп, 954 несие берілген болатын. 2022 жылы 14 млрд теңге көлемінде екінші транш қабылданып, 1120 қыз-келіншек қоныс тойын тойлаған болатын.

15,6 млрд теңге сомасында үшінші транш бөлінді. Өтініштер 2023 жылдың 10 мамырынан бастап қабылданады.

Несиенің негізгі шарттары қандай?

  • Отбасы банкіндегі жинақ сомасы – 0%-дан
  • Несие сомасы пәтердің бағаланған құнынан – 85% дейін
  • Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 14,4% бастап (ЖТСМ - 15,4%-дан)
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін
  • Несиелік мөлшерлемені төмендету – несие сомасының 50% жинақталғаннан кейін 3,5% дейін (ЖТСМ 3,6% -дан)
  • Отбасының максималды кірісі – 640 000 теңгеге дейін

Артықшылықтары         

  • Бастапқы нарықта (жаңа ғимараттарда) және екінші нарықта тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуы
  • Басқа жылжымайтын мүлікке меншік құқығында шектеулер жоқ
  • Екі адамға дейінгі қарыз алушыларды тарту
  • Салықтық жеңілдіктер

«Ұмай» ипотекасы бойынша қарыз мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үйді таңдауда шектеулер жоқ. Әйелдерге арналған қарыздар бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша да сатып алу үшін беріледі. «Ұмай» бойынша пәтерге жөндеу жұмыстарын жасау үшін 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде заем алуға болады.

Өтініштерді қабылдау otbasybank.kz сайты арқылы немесе банк бөлімшелерінде жүзеге асады.

фото: newtimws.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ж
Жадыра 05.05.2023
Алматы каласынан катысайын деп праписк туру керекпе
Жауап беру
А
Анел 04.05.2023
Бастапқы жарна міндетті ме
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл