Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңгеден астам несие ала алады
Жаңалықтар

Жастар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңгеден астам несие ала алады

04.12.2023
1 мин
16
2583
Фото: ҚР Экономика министрлігі

Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн. теңгеден астам бюджеттік несие ала алады, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруда.

Аталмыш бағдарламаға келесі салалардағы мамандар қатыса алады:

  • Денсаулық сақтау;
  • Білім;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру;
  • Мәдениет;
  • Спорт;
  • Агроөнеркәсіптік кешен;
  • Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Әлеуметтік қолдау шаралары:

  • 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;
  • Тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 млн.теңге) дейін бюджеттік кредит беру.

2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд. теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. Ал 45 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 млрд. теңге сомасына бюджеттік кредиттер берілген. 

2023 жылдың басынан бері 3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін 18,6 млрд. теңге қарастырылған.

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады.  

Айта кетейік, ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
А
Арман 19.09.2024
Қай ауданда қандай бос орындар қалай билуге болат. 87771503645 номерина жазасыздарма?
Жауап беру
А
Арман 19.09.2024
Дипломмен ауылға бағдарламасына қалай тиркелуге болады
Жауап беру
Б
Бегімай 31.03.2024
Аудан орталығында тұрамыз отбасы банк арқылы өтінім берсек тек ауылдарға деп о каз басып тастады. Аудан орталықтарына да болады деген өтірік пе сонда
Жауап беру
А
Адем 29.01.2024
Сәлеметсіз бе! Осы мәселені көтергеніңіз өте дұрыс болды. Ауылда тұрып жатқаныма 4 жыл болды. Алайда баспанаға әлі де қолым жете алмай жүр . Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша кезекке тұрдым, ауылда үйлердің бағасы өсіп кетіп ала алмадым . Қайтадан кезекке тұрдым, үйлердің бағасы сол өсуде. Мен тек айттым келгені бағдарламаға сәйкес үй ала алатындай кредит берсе екен , өзім төлеуге міндеттенемін. Біреуің пәтерінде тұрып ақша босқа кетіп жатыр.
Жауап беру
А
Аманкуль 09.09.2024
Салеметсизбе? Алган жагдайда канша уакытта туседи акшасы? Билсениз айтп жибересиз ба? Отиниш…
Жауап беру
А
Аманкуль 09.09.2024
Салеметсизбе? Алган жагдайда канша уакытта туседи акшасы? Билсениз айтп жибересиз ба? Отиниш…
Жауап беру
А
Аманкуль 09.09.2024
Салеметсизбе? Алган жагдайда канша уакытта туседи акшасы? Билсениз айтп жибересиз ба? Отиниш…
Жауап беру
А
Аманкуль 09.09.2024
Салеметсизбе? Алган жагдайда канша уакытта туседи акшасы? Билсениз айтп жибересиз ба? Отиниш…
Жауап беру
С
Санду 05.02.2024
Саламатсызба калай отыныш беруге болады оган да акша беру керекпе ??
Жауап беру
Е
Елдар 26.01.2024
Тұрғын үйді өзіміз салу үшін берілме?
Жауап беру
Е
Елдар 26.01.2024
Тұрғын үйді өзіміз салу үшін берілмесе екен, оны қайдан сұрап білеміз?
Жауап беру
Е
Ерасыл 23.01.2024
Аудан әкімдігінде жастар практикасымен жумыс аткарып жаткандарга карастырылган ба ? ( Дипломмен)
Жауап беру
А
Айдана 05.12.2023
Саламатсыз ба! Несие болған жағдайда, бұл бағдарламаға үміткер бола аламын ба?
Жауап беру
А
Айдана 05.12.2023
Саламатсыз ба! Несие болған жағдайда, бұл бағдарламаға үміткер бола аламын ба?
Жауап беру
А
Айдана 05.12.2023
Саламатсыз ба! Несие болған жағдайда, бұл бағдарламаға үміткер бола аламын ба?
Жауап беру
М
Мөлдір 04.12.2023
Сәлемңтсіз бе. Мен жекеменшік балабақшада жұмыс жасаймын дипломмен ауылға бағдарламасымен алааламыньа үй. Артымызда үй жоқ
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл