Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмысынан айрылуына байланысты кімдер әлеуметтік төлем ала алады
Жаңалықтар

Жұмысынан айрылуына байланысты кімдер әлеуметтік төлем ала алады

17.08.2021
1 мин
23
7152

Елімізде 80 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі.

«Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 77,9 мың адамды құрады. Бұл ретте биылғы жылы 52 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды», - делінген хабарламада.

  • Жұмыссыздық бойынша төлемді кімдер ала алады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-не дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  • Жұмысынан айырылу бойынша төлемдерді қалай рәсімдеуге болады

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның 40 қаласының тұрғындары үшін Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты.

Пилоттық жоба жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алуды жеңілдету үшін іске қосылды. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
23 Пікір
Г
Гүлбану 31.12.2021
Саламатсыз ба?мен декреттик демалыстарын,босануыма байланысты,маған толенема?
Жауап беру
Г
Гүлбану 31.12.2021
Саламатсыз ба?мен декреттик демалыстарын,босануыма байланысты,маған толенема?
Жауап беру
А
Айгул маңғыстау облысы 22.08.2021
Жолдасым жұмыссыз.мектептен алатын көмекті алаалмай отырмыз жұмыссыздық өткенде тіркеген жоқ өткенде барғанда.
Жауап беру
М
Марал 18.08.2021
Көп балалы анамын күміс алқа иегерімін енді алтын алқа алғалы отырмын декретте күйеуім айлығы 45000 өзім декретте төленема
Жауап беру
Г
Гулзат 18.08.2021
Сәлеметсіздема мен уйде баламен отырмын жумыс іздеудің 9АЙЛЫК жумыска шығуға қорғасын киналып каламынба жеп жолдасым акшасы жетбейді часный жумыскфса тоқтайды ауылдық жерде жумыс санаулы
Жауап беру
Г
Галия 18.08.2021
Мен декрете отырмын пособия Бир жылдык срогы бтти енди не стеуим керек бала мен жумыска шыга алмаймын жолдасымнын акшасы акшасы жетпейди камлетке жетпеген еки балам бар даже оку куралдарын ала алмай отырмын
Жауап беру
Э
Эльвира 18.08.2021
Үйде отырып жұмыс жасау ға болады ғой түсінбеймін сіздерді. Жарнама жасап, білім алып алған білімді өзгелерге үйретіп алғысын алуға болады.3 айлық балам мен үйде отырып жұмыс жасап отырмын. Ешкімнен ештеңе күтпеңіз өзіңіз үшін алға ұмтылыңыз
Жауап беру
21.08.2021
Ол қандай жұмыс үйретсеңіз
Жауап беру
Э
Эльвира 18.08.2021
Үйде отырып жұмыс жасау ға болады ғой түсінбеймін сіздерді. Жарнама жасап, білім алып алған білімді өзгелерге үйретіп алғысын алуға болады.3 айлық балам мен үйде отырып жұмыс жасап отырмын. Ешкімнен ештеңе күтпеңіз өзіңіз үшін алға ұмтылыңыз
Жауап беру
Э
Эльвира 18.08.2021
Үйде отырып жұмыс жасау ға болады ғой түсінбеймін сіздерді. Жарнама жасап, білім алып алған білімді өзгелерге үйретіп алғысын алуға болады.3 айлық балам мен үйде отырып жұмыс жасап отырмын. Ешкімнен ештеңе күтпеңіз өзіңіз үшін алға ұмтылыңыз
Жауап беру
З
Замира 17.08.2021
Сәлеметсізба шынымен берілема мен декретегі анамын кеуім жұмыс жасап жатыр часный пенсенка жүрмейді жұмыс жасайды деген справканыда бермеді солай асп алалмаймыз көп балалы анамын
Жауап беру
Г
Гулзира 17.08.2021
Менде жумыссызбын осыдан екі жыл бұрын жол картасы мен 6 ай жумыс жасадым
Жауап беру
Г
Гулзира 17.08.2021
Менде жумыссызбын осыдан екі жыл бұрын жол картасы мен 6 ай жумыс жасадым
Жауап беру
А
Асем 17.08.2021
Менде жұмыссызбын үй бикесімін балаларыма қарап отырған анамын мағанда ол төлемтағайындалама
Жауап беру
Б
Ботагоз 17.08.2021
Мен шилде 01.06-0107.2021ж.енбек демалысында болдым енди жумыска киргизбейди вакцина ең келесин дейди вакцина алмадым енди мен жұмыссыз бын ба бұл канша уақыт ка созылады екен, осы ай маган акша туспеди, қайда шагымданамыз?
Жауап беру
Б
Баян 17.08.2021
Мен 2013 жылдан бері жумыссызбын, жасым 53 те, еш жерге жұмысқа алмайды, оның устіне ден саулықта мәз емес, маған төленема
Жауап беру
Б
Баян 17.08.2021
Мен 2013 жылдан бері жумыссызбын, жасым 53 те, еш жерге жұмысқа алмайды, оның устіне ден саулықта мәз емес, маған төленема
Жауап беру
Б
Балнур 17.08.2021
Маган енбек министирлиги збондады касым жомарт токаев жарлыгы бойынша 400 мын тенге жардем акы болинди деп распа ол
Жауап беру
Н
Нурбол 17.08.2021
Өтірік карта деректерін сұрап алып, ақшаңызды шешіп алады
Жауап беру
А
Аяла 17.08.2021
Еговтан заявка жіберемізба сонда
Жауап беру
Д
Дариға 17.08.2021
Жолдасым 3 ай жұмыссыздықта болып, енди жұмысқа орналасты, болама?
Жауап беру
Ж
Жанылсын 17.08.2021
Жолдасым жумыссыз тіркеуде түр берілема
Жауап беру
А
Айгерим 17.08.2021
канша тг толенеди екен?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл