| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сүйінші, қазақ елі! Қоныс құтты болсын! Бауырларына жалғыз өзі қамқор болып отырған 18 жасар Айым баспаналы болды. Бүгін қайырымды оқырман қолдауымен бес періштенің арманы орындалды.
Анасы жаман аурудан қайтыс болып, әкесі тастап кеткен 5 балаға сбор ашқан едік. Бүгін @dauletten_qory 88-баспана кілтін табыстады. Балаларға 35 млн теңгеге 95 шаршы метрлік, 4 бөлмелі үй алдық. Баспана Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан, 8 сотық жері, бау-бақшасы бар. Үйдің іші толық жиһазбен жабдықталған. Қосымша қажеттіліктеріне деп 200 000 теңге қаражат табыстадық. Ал оқырманымыз @posuda_optom_baisat дүкені сапалы жаңа ыдыстар сыйлады.
Қасиетті Жұмада біз игі іс жасадық. Біз бес балаға жылы ұя, болашаққа сенім мен үміт сыйладық. Балалар осы үйде өсіп-өніп, мықты азамат болсын! Осындай сауапты іске атсалысқан әр жанға мың алғыс! Алла дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!