Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Dauletten қайырымдылық қоры" көпбалалы ана Зәуре ханымға 79-баспана кілтін табыстады. Отбасыға Жетісай ауданынан 9 млн теңгеге 6 бөлмелі баспана сыйладық. 2,5 млн теңгеге үйді толық жабдықтадық. Жаңа жиһаз, тұрмыстық техника, кілемдер, ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, перде алынды. Сондай-ақ Зәуре ханымның ем қабылдауына 400 мың теңге қосымша көмек көрсетілді.
Біз әкесіз қалған 5 балаға үміт сыйладық. Арманын орындап, жарқын болашаққа қадам жасадық. Дәл осындай сауапты істе садақасын беріп, жақсылық жасауда аянбаған барша жанға алғысымыз шексіз. Қиын өмір артта қалып, балалар бақытты болсын деген тілегіміз бар.