Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
3 млн теңгеге дейін грант: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Бизнесті қолдау

3 млн теңгеге дейін грант: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

16.06.2025
1 мин
0
72
Сурет: egemen.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру бойынша конкурстың басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.

2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.

Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)

Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

"Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

"Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

"Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

"Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

"Волонтерлік" – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды)іске асыруға арналған.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында (бұл ретте, а.ж. 18 тамыз, сағ.: 24:00-ге дейін) t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-788 706-618-07-23 (жұмыс күндері, 

сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы); 

2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);

3) Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация 

(10 слайдтан аспайтын);

4) 3-қосымщаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы 

(word форматы); 

5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);

6) Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл