452.59
507.67
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда көлікті айып тұрағында сақтау қымбаттады: тариф ақшасы қайда жұмсалады?
Жаңалықтар

Алматыда көлікті айып тұрағында сақтау қымбаттады: тариф ақшасы қайда жұмсалады?

19.10.2026
мин
0
149

Алматыда эвакуатормен әкетілген көлікті арнайы тұрақта сақтау үшін жүргізушілер тәулігіне 21 мың теңгеден астам төлеуі мүмкін. Эвакуация ақысын қосқанда, автомобильді бір апта бойы тұрақтан алмаған адамның шығыны 153 мың теңгеден асады. Бұл сомаға жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл кірмейді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыда 4 қазаннан бастап көліктерді эвакуациялау және арнайы айып тұрақтарында сақтау қызметтеріне жаңа тарифтер қолданыла бастады. Соның салдарынан көлігі тұраққа жеткізілген жүргізушілерге оны алып кету үшін қосымша шығын шығаруға тура келеді. Бұл туралы Tengri Auto Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасынан алған жауабына сүйеніп хабарлады.

Жаңа тариф бойынша автомобильді эвакуатормен жеткізу құны — 3 АЕК немесе 12 975 теңге. Ал арнайы тұрақта сақтаудың алғашқы тәулігіне 2,5 АЕК, яғни 10 812,5 теңге төленеді. Одан кейінгі әр тәулік үшін 5 АЕК немесе 21 625 теңге есептеледі.

Мәселен, көлік иесі автомобильін бір апта бойы алып кетпесе, эвакуациялау мен сақтау шығыны 153 537,5 теңгеге жетеді. Бұл есепке әкімшілік айыппұл қосылмаған. Оның мөлшері жасалған құқық бұзушылыққа байланысты бөлек белгіленеді.

Тарифтер не үшін енгізілді?

Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының түсіндіруінше, бұған дейін ұсталған көліктерді эвакуациялау жүргізушілер үшін тегін болған, ал арнайы тұрақтарды күтіп ұстау шығындары қалалық бюджеттен төленген.

Жаңа тарифтер арнайы техниканы пайдалану, қызметкерлердің еңбекақысы, тұрақтарды күтіп ұстау және күзету шығындарын есептеу арқылы белгіленген.

Ведомствоның мәліметінше, төлем жүйесі көлік иелерін автомобильдерін тұрақта ұзақ қалдырмауға ынталандыру үшін сараланған. Алғашқы тәулікке жеңілдетілген тариф қолданылса, кейінгі күндерге толық төлем есептеледі.

Сонымен бірге көлік эвакуацияланған күні сағат 18:00-ге дейін тұрақтан алып кетілсе, сақтау ақысы есептелмейді. Алайда эвакуациялау қызметінің төлемі бөлек төленеді.

Тарифті кім бекітті?

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, коммуналдық меншіктегі арнайы тұрақтарға жеткізілген көліктерді эвакуациялау және сақтау құнын белгілеу өкілеттігі Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына берілген.

Алматы қаласының мәслихаты әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты ұсталған көліктерге қолданылатын тарифтерді бекіткен.

Басқарманың хабарлауынша, түскен қаражат эвакуациялау жүйесі мен арнайы тұрақтардың жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады. Оның ішінде техниканы жөндеу және күтіп ұстау, қызметкерлерге жалақы төлеу, тұрақ аумағын күзету және тазалау шығындары бар.

Көлігін уақытында алып кете алмағандарға жеңілдік қарастырылған ба?

Көлік иесі денсаулығына байланысты, іссапарға кетуіне немесе ақшасының болмауына орай автомобильін алып кете алмаса да, сақтау ақысы есептеле береді.

Басқарманың мәліметінше, қолданыстағы ережелерде азаматтың әлеуметтік мәртебесіне немесе жеке жағдайына байланысты мұндай төлемнен босату қарастырылмаған. Сондай-ақ арнайы тұрақта сақтау ақысының жиынтық сомасына жоғарғы шек белгіленбеген.

Төлем көліктің арнайы тұраққа қабылданған күні мен уақытынан бастап есептеледі. Бір тәулік 24 сағатқа тең.

Алматыдағы айып тұрақтарында қанша көлік сыяды?

Қалада жалпы сыйымдылығы 1 500-ден астам автомобильге арналған «Көкжиек» және «Бухтарминская» коммуналдық арнайы тұрақтары жұмыс істейді.

Басқарма тұрақтардың толуына әсер ететін себептердің бірі — иелері ұзақ уақыт бойы алып кетпейтін көліктер екенін атап өткен. Олардың арасында жол-көлік оқиғаларынан қатты зақымданып, пайдалануға жарамсыз болып қалған автомобильдер де бар. Кейбір иелері мұндай көліктерден бас тартады.

Қазір ұзақ уақыт бойы тұрақта тұрған автомобильдердің иелерін анықтау және оларды көліктерін алып кету қажеттігі туралы хабардар ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар талап етілмеген көліктерге қатысты мәселені заң аясында шешу тетігі әзірленуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл