| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Арман Әбдірәсілов пен Азамат Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшылық қызметтеріне тағайындалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі кадрлық тағайындау болды. Мемлекет басшысының өкімдерімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов пен Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков жаңа лауазымдарға кірісті.
Арман Әбдірәсілов Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Ал Азамат Дүйсембеков Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді.
Кадрлық шешімдерге қатысты тиісті өкімдерге Мемлекет басшысы қол қойған.