Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алып күш иесі Алмат Жұманов әлемдік аренада өнер көрсетеді
Жаңалықтар

Алып күш иесі Алмат Жұманов әлемдік аренада өнер көрсетеді

19.12.2022
2 мин
0
1017

Қазақтың танымал қайраткері, қазақ титаны Алмат Жұманов америкалық танымал Bare Knuckle Fighting Championship промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

А.Жұманов өз жазбасында әйгілі Bare Knuckle Fighting Championship промоушенімен келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, америкалық промоутер Дэвид Фельдман қазақстандық титанның бұған дейінгі жетістіктерін: вагон, пойыз, ұшақ сүйреп, түйе арқалап орнатқан рекордтарын бақылап келген.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар бұл танымал промоушенмен бұрын келісімшартқа отырмаған.

«Bare Knuckle Fighting Championship турнирінің негізін қалаушы Дэвид Фельдман маған бір жылдық келісімшарт ұсынды. Яғни, жылына төрт мәрте жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алдым. Мен жұдырықтасу спортына қатысамын. Басты мақсатым – Америкада Қазақстан туын желбірету. Құдай қаласа, арманым орындалады», – дейді А.Жұманов.

Ол жақсы дайындалып, үздік нәтижеге қол жеткізуді жоспарлап отырғанын да жеткізді. Қазақ титаны жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Биыл жазда «Қазақ титаны» «Иран Халкын» нокаутқа түсірді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты.

Бұл тартыста «Қазақ титаны» қарсыласын бірінші раундта-ақ техникалық нокаутқа түсірген.

Бұрын хабарланғандай, «Қазақ титаны» гір тасын көтеру арқылы танымал болды: сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан жылжытып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Ирандық Халк» болса, ауыр атлетика және бодибилдингте рекордтарымен ерекше танымал болды.

Спортшының бойы – 188 см, ал салмағы шамамен 177 кг.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл