458.85
503.5
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырау облысында 800-ден астам жалған қызметтік куәлік тәркіленді
Жаңалықтар

Атырау облысында 800-ден астам жалған қызметтік куәлік тәркіленді

26.11.2026
0 мин
0
108

Атырау облысында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың жалған қызметтік куәліктерін дайындап, сатумен айналысқан заңсыз арнаның жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында 803 жалған куәлік пен оларды жасауға арналған жабдықтар тәркіленді, – деп хабарлайды Dauletten.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, 23 қарашада полиция қызметкерлері Lexus 470 автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде төрт ер адам болған. Тексеру кезінде тапанша макетіне ұқсас зат пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің куәлігі табылған. Кейін аталған куәліктің жалған екені анықталды.

Осы дерек бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция жалған құжаттарды дайындады деген күдікпен Атырау облысының 39 жастағы тұрғынын анықтады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында түрлі мемлекеттік органдарға тиесілі 803 жалған қызметтік куәлік табылып, тәркіленді.

Олардың ішінде:

 – 606 – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің;
 – 95 – Ішкі істер министрлігінің;
 – 47 – мемлекеттік кірістер органдарының;
 – 46 – прокуратураның;
 – 9 – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің куәліктері.

Бұдан бөлек, тінту кезінде ҰҚК-нің 367 эмблемасы, мөр, компьютерлік техника, принтер, қатқыл диск және жалған құжаттарды дайындауға пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жалған қызметтік куәліктерді сатумен айналысқан. Сондай-ақ полиция тоқтатқан автокөліктегі ер адамдардың бірі одан осындай құжат сатып алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар күдіктінің ықтимал сыбайластары мен жалған куәліктерді сатып алған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

ІІМ мәліметінше, полицияның жедел әрекет етуінің нәтижесінде қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін жүздеген жалған қызметтік куәліктің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл