| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қыс мезгілінде қар, көктайғақ пен боран салдарынан жолда күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтан алыс сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп қана қоймай, төтенше жағдайда қажет болатын заттарды да дайындап алған жөн, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қыс мезгілінде көлікте қандай заттар болғаны дұрыс?
- Жылы киім мен көрпе. Көлік жолда тоқтап қалған кезде немесе көмек күтуге тура келген жағдайда қажет болуы мүмкін.
- Қосымша қуаттағыш құрылғы. Жолға шығар алдында телефонды толық қуаттап, қосымша қуаттағыш құрылғыны бірге алған жөн.
- Қолшам. Қараңғы уақытта көлікті тексеру немесе қажетті заттарды табу үшін қажет.
- Сүйреткіш арқан мен күрек. Көлік қарға батып қалған жағдайда оны шығару үшін қажет болуы мүмкін.
- Щетка мен мұз қырғыш. Көлік әйнектерін қар мен мұздан тазарту үшін арнайы құралдардың болғаны дұрыс.
- Апаттық тоқтау белгісі мен жарық шағылыстыратын кеудеше. Көлік жолда мәжбүрлі түрде тоқтаған жағдайда басқа жүргізушілерге ескерту және жол бойында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
- Алғашқы көмек қобдишасы мен өрт сөндіргіш. Жолда күтпеген жағдайлар туындаған кезде қажет болатын қауіпсіздік құралдары.
Жолға шығар алдында нені тексеру керек?
Қысқы сапар алдында көліктің техникалық жағдайына ерекше назар аударған жөн. Әсіресе тежегіш жүйесінің, аккумулятордың, жарық шамдарының және қысқы дөңгелектердің жарамдылығын тексеру маңызды. Сонымен қатар ауа райы болжамымен және жолдардың жағдайымен алдын ала танысу қажет. Қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтаған дұрыс. Ал боран күшейіп, жолдағы көріну деңгейі төмендеген жағдайда сапарды кейінге қалдырған жөн.
Жолда төтенше жағдай туындаса, 102 немесе 112 нөміріне хабарласуға болады.
Қысқы жолдағы қауіпсіздік ең алдымен сапарға алдын ала дайындалуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты.