Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елдегі 36 университет педагог дайындау лицензиясынан айырылды
Жаңалықтар

Елдегі 36 университет педагог дайындау лицензиясынан айырылды

07.02.2022
1 мин
1
1663

Тиісті дипломы бардың бәрі мұғалім бола алмайды. Білім және ғылым министрлігі енгізген тәуелсіз тестілеу әдісі ЖОО түлектерін іріктеу арқылы ғана білім ошақтарына жіберуге бағытталған. Министр Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері үшін міндетті тестілеу енгізіліп отыр. 

Яғни, енді дайындығы нашар үміткерлер қолында дипломы болса да, мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды. 

«Балалармен жұмыс істей білу өте маңызды және жауапты міндет болғандықтан, алдымен тәуелсіз тестілеуден өту керек. Мұндай сыртқы емтиханды 2021 жылы шамамен 40 мың түлек тапсырды. Олардың ішінде шекті балл жинағандар ғана мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Енгізілген бұл жаңашылдық жоғары оқу орындары жұмысының сапасын да көрсетті. 36 университет осы мамандық бойынша дайындау бойынша лицензиясынан айырылды», - деп еске алды министр.

Сондай-ақ, ол былтыр Президенттің қолдауының арқасында жоғары оқу орындарындағы мұғалімдердің айлығы да көтерілгенін айтады.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жоғары оқу орындарының оқытушыларына қолданылмауына байланысты олардың жалақысы көтерілмеді. Сол себепті министрлікке бағынышты ЖОО-ларда 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеру туралы арнайы бұйрық қабылдадық. Қатардағы оқытушылар үшін ең төменгі жалақы 200 мың теңгені, ал профессорлар үшін – 350-400 мың теңгені құрайды. Бұл ретте 1 ставканың максималды көлемі жылына 680 сағаттан аспауы тиіс. Мұндай мүмкіндік Президенттің қолдауының арқасында және 2011 жылдан бастап алғаш рет осындай көлемде грант құнын арттырудың нәтижесінде пайда болды», -деп жазды Асхат Аймағамбетов

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Ф
Фарида 07.02.2022
Қай университеттер?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл