Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Мен кәсіпкер» жобасы туралы не білеміз?
Бизнесті қолдау

«Мен кәсіпкер» жобасы туралы не білеміз?

21.07.2023
5 мин
0
1695
Фото: sondurakumrantip.com

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, 2023 жылдан бастап «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» қаржылық емес қолдау құралы бойынша қызметтер көрсетеді. Осы орайда Нұғман Есболғанұлы Жұлдызбаев  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпке бағыт» жобасының жетекшісі Нұғман Есболғанұлы Жұлдызбаев «Мен кәсіпкер» құралы кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа, сондай-ақ шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылатынжоба туралы айтып берді. Толығырақ Dauletten.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Мен кәсіпкер» құралы екі бағытта жүзеге асырылады:

1. «Кәсіпке бағыт» кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттерді оқытуды және салалық (бейіндік) оқытуды қамтиды;

2. Кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған қызметтерді қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары.

1. «Кәсіпке бағыт» анықталған қажеттіліктер негізінде салалық (бейіндік) оқытуды ұсынуды қамтиды.

«Кәсіпке бағыт» ШОБ субъектілері үшін облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалар мен Астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн/офлайн форматта, сондай-ақ аудан орталықтарына барып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес келетін ШОБ субъектілері «Кәсіпке бағыт» салалық оқытуының қатысушылары болып табылады.

«Кәсіпке бағыт» оқытуын ұйымдастыру және өткізу анықталған қажеттіліктер негізінде салалық (бейіндік) оқытуды ұсынуды қамтиды.

Сіздер үшін мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өндірістік шағын цехтар, сервис және қызметтер бойынша салалық оқытудың 1-2 апталық тегін курстары ұйымдастырылады. Оқу аяқталған соң сертификаттар беріліп, сіздің бизнесіңізді жүргізу мен кеңейту, жаңа технологиялар енгізу, құрал-жабдықтар таңдап, сатып алуға және өнімдеріңізді тиімді қалай сатуға болатыны жөнінде жеке кеңестер беріліп, 3 айлық жеке сүйемелдеу жүргізеді.

«Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша қатысуға өтінімдерді қабылдауды өңірлік кәсіпкерлер палаталарында менеджер-консультанттар жүзеге асырады.

2. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының қызметтері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын не айналысқысы келетін 18 жастан асқан әйел азаматтарына және әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне көрсетіледі.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының бағыты әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігі орталықтарының тұрақты дамуына бағытталған.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының бағыты мынадай қызмет түрлерін ұсынуды қамтиды:

1) консультациялар - бұл кеңес беру, проблемаларды анықтау (диагностика) және әйелдердің қажеттіліктеріне негізделген қызметтерге бағыттауды қамтиды;

2) кәсіптік және бизнес-оқытуды, сондай - ақ қолөнердің дәстүрлі түрлерін оқытуды ұйымдастыру - көрсетілетін қызметті алушылардың анықталған бағыттары (қажеттілігі бойынша) бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;

3) менторлық - мұнда ментор (тәлімгер) бизнес басшысының (ментидің) құзыретіне бағалау жүргізеді және оның құзыретін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) қаржыландыруды (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту - бұл қаржыландыру және инвестицияларды тарту мәселелері бойынша оқыту, оған - краундинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг құралдарын зерттеу кіреді;

5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөніндегі қызметтер - бұл әйелдерді халықаралық жобалар туралы хабардар ету;

6) бизнес-шолу жүргізу - бұл бизнестің әлеуетін, оның қызметкерлерінің құзыреті мен тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін ұсынылатын оқыту мақсатында бизнесті бағалау;

7) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімді жылжыту және әзірлеу жөніндегі қызметтер көрсетіледі.

«Бір ауыл – бір өнім» қызметтері өнім өндірушілерге жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін дамыту және нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатының деңгейін арттыру мақсатында көрсетіледі.

«Бір ауыл – бір өнім» қызметтері мыналарды қамтиды:

  • өңірлерде жергілікті шикізаттан тауарлар көрмесін өткізу және «Бір ауыл – бір өнім» жобасына тауарларды іріктеу;
  • өңірдегі ОСОП жобасы бойынша жұмысты үйлестіру;
  • барлық мүдделі тараптардың қатысуымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша оқыту жүргізу;
  • тауар өндіру технологиясы бойынша өндірушілерді оқытуды жүргізу;
  • өнімді жылжыту және өткізу саласындағы қолдау, тауар белгілерін әзірлеу;
  • бренд-комитеттерді қалыптастыру;
  • өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсету;
  • нарық үшін өнімді әзірлеуге қолдау көрсету, жаңа немесе инновациялық өнімді әзірлеуге тапсырыс беру, өндіріс стандартын әзірлеу.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы - ауылдық жерлерде жергілікті өнім өндірісін дамытуға бағытталған «Мен кәсіпкермін» құралының бағыттарының бірі болып табылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл